Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстан дағдарысқа қарсы жоспарын бекітті

Қырғызстан дағдарысқа қарсы жоспарын бекітті

Қырғызстанның 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы жоспарының бюджеті 126 млрд сомды құрайды. Бұл туралы Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров қабылданған шаралар жоспары қазір әлемде орын алған геосаяси жағдайда халық пен бизнесті мемлекеттік қолдауға бағытталғанын атап өтті.

 «Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының күрт өсуін болдырмау және алдын алу мақсатында тауарлық интервенциялар жүзеге асырылады. Ол үшін елдің мемлекеттік материалдық резервіне азық-түлікті уақтылы сатып алу қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамтылған кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында шетел валютасында алынған несиелерді ұлттық валютаға айырбастау, сондай-ақ шетелден негізгі тауарлар мен азық-түлік жеткізушілерін шетел валютасымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау жоспарлануда.

Бекітілген жоспарда шаруалар мен фермерлерге жеңілдетілген несиелер беру, көктемгі дала жұмыстары кезінде шаруаларды тұқыммен, тыңайтқыштармен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге көмектесу, суару құрылыстарын жөндеу және қалпына келтіруге қаражат бөлу қарастырылған.

"Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет дағдарысқа қарсы жоспар қаржылық ресурстармен нығайтылды және декларативті сипатта емес. Біз әлемдегі жағдайды өзгерте алмаймыз. Бірақ елдің дағдарыстан шығару үшін нақты шаралар қабылдай аламыз. Біз ең нашар деген сценарийге дайынбыз", - деді Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы.

Похожие материалы