Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай капиталының кетуі 1 трлн долларға жетті

Қытай капиталының кетуі 1 трлн долларға жетті

2015 жылдың нәтижесі бойынша Қытай капиталының кетуі 1 трлн долларға жетті. Бұл юаньның девальвацияға ұшырауынан және экономикалық өсімнің бәсеңдеуінен, қор нарығының құлдырауы әсерінен болған жеп хабарлайды РБК.

Bloomberg Intelligence ақпаратына сәйкес, аталған сома 2014 жылғы капиталдың кетуінен 7 есеге артқан. Осы жылы капитал кетуі 134,3 млрд долларды құраған. Сондай-ақ, бұл 2006 жылдың бақылау кезеңінен бері максималды көрсеткіш болып отыр.

2015 жылдың желтоқсан айында капиталдың шығысы қараша айымен салыстырғанда 50 млрд долларға артқан. Жылдың соңғы айы капитал кетуі нәтижесі бойынша 2 орынға ие болған. Осы айда 158,7 млрд доллар шетелге кеткен. Қытай экономикасы үшін ең көп қаржы (194,3 млрд доллар) өткен жылдың қыркүйек айында жұмсалған.

Сондай-ақ, Bloomberg-тің азия нарығындағы экономисі Том Орликтің сөзінше, қытайлық валютаға  экспортшылардың юаньды конверсиялауға ниеті болмай, долларда ұстауы қысым көрсеткен.

Capital Economics консалтингтік агенттігінің азия нарығындағы экономисі Марк Уильямстың бағалауы бойынша, Қытай экономикасында мұндай жоғарғы деңгейдегі капитал ағыны сақтала береді. Себебі елдің Орталық банкі әлі де инвесторлардың сеніміне кіре алған жоқ. Сондай-ақ, ол максималды капиталдың кетуі күтпеген жерден валюта саясатының өзгеруінен болғанын еске салды.

Вашингтондағы халықаралық қаржы орталығы Қытайдың капитал  ағыны 2015 жылы 676 млрд доллар болады деп болжаған болатын. Ал 2016 жылы 448 млрд доллар болады деген еді.

Фото: capital.ua

 

Похожие материалы