Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытайлық компания Қырғызстанда есек фермасын ашып, басы дауға қалды

Қытайлық компания Қырғызстанда есек фермасын ашып, басы дауға қалды

Қытайлық компания Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ноокат облысында есек фермасын ашамын деп, дауға қалды. Жергілікті тұрғындар ферманы жабуды талап етіп отыр, деп хабарлайды rus.ozodlik.org сайты. 

Тұрғындар жабылмаса өртейміз деп отырған фермада 381 есек бағылуда. Қытай кәсіпкерлері оларды ауыл тұрғындарынан  сатып алған. Жергілікті тұрғындар қытайлар есектерді сойып, етін базарға шығара ма, деп қауіптенеді. 2015 жылы Қырғызстандағы Ош облысының басшылығы мен Қытай провинциясы Ганьсу арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Осы келісімге сәйкес қытайлық «Во Ви Щы» компаниясы Қырғызстанда жұмыс істеуге рұқсат алып, есек өсіре бастапты. Компания иесі қытайлық кәсіпкер, Ма Цынь И заңға қайшы әрекет жасамағандарын, есектерді Қытайға алып кету үшін бағып отырғандарын айтады. rus.ozodlik.org сайтының жазуынша жергілікті тұрғындардың қысымынан кейін, кәсіпкер жануарларды 10 желтоқсанға дейін Қытай асыратын болды. Еске сала кетейік, бұл Қырғызстан аумағында ашылған екінші есек фермасы. Бірінші ферма да оларды бағып, етін қытайда сату үшін ашылған көрінеді. Фото:rus.ozodlik.org

Похожие материалы