Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Ұлттық банкінің функциясы қандай?

ҚР Ұлттық банкінің функциясы қандай?

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады. Орталық банк еліміздің эмиссиялық жəне резервтік орталығы ретінде ақша-несие жəне валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге жəне еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол жəне қолма-қолсыз ақша массасы жатады. Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады.

Іс-жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резевтердің шоғырлануы жəне олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.

Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. Əлемдік тəжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың əртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі: - мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан); - акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда); 123 - орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тəуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та).

АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады. Ұлттық банк өзінің атқаратын мəні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды.

Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады. Ұлттық банк резервтік жəне басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады жəне жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады. Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады. Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды жəне резервтік қорды абсолюттік соммада

құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк жəне оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі; - ақша айналысы, несие, банктік есеп-айрысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге жəне оның əлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау жəне жүргізу; - ақша, несие жəне банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету; - банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау жəне олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады: - меншікті қаражат есебінен; - басқа банктерден тартылған жəне Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен; - ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан; - арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен. Ұлттық банктің басқару құрылымы. 124 Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді.

Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма жəне директорлар Кеңесі (Директорат) жатады. ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады жəне басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі: - мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау; - банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту; - Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу; - банктердің ашылуына рұқсат беру жəне оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау; - жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау; - банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту; - алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау; - ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тəртібін бекіту; - ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау жəне Президенттің бекітуіне беру; - ҚҰБ-нің жылдық балансын жəне табыс мен зияны туралы есебін қарау жəне бекіту; - ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тəртібі, негізгі құралдарды жəне өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы жəне бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің жəне ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту; - банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды жəне шектерді бекіту; - еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау жəне бекіту; - ҚҰБ-нің халықаралық жəне басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау; - Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту; - бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын жəне əдістерін анықтау; Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құрамына: - ҚҰБ төрағасы жəне бес лауазымды тұлғалары, - ҚР Президентінен бір өкіл; - ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді. Ұлттық банктің оперативтік басқару органы - директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары жəне құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді: - Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрғасын 6 жылға сайлайды жəне қызметінен босатады; - ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды жəне қызметінен босатады. - ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді; - Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді; - ҚҰБ-нің ҚР Прзеидентіннің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.

Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады. Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден түратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен ұйымдары кіреді.

Дереккөз: Мақыш С. Б. "Ақша. Несие. Банк." 

Похожие материалы