Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) "ортақ аспан" қағидасы енгізілсе, ресейлік тасымалдаушылармен бәсекеге шыдамайды. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма бастығының орынбасары Рахым Ошақбаев Астанада өткен отырыс кезінде мәлімдеді.
Р.Ошақбаевтың атап өтуінше, "ортақ аспан" қағидасы енгізілсе, билет бағалары төмендеп, тұтынушы пайда көреді. Бірақ қазақстандық әуетасымалдаушылар нарығының зардап шегу қаупі бар. "Барынша терең сараптама нәтижесі бойынша, мұндай ырықтандыру кезінде біздің танымал Air Astana әуекомпаниямыз ресейлік "Аэрофлотпен" бәсекелестікке түсе алмайтындығы анықталды. Неге? Бұған Ресейлік әуетасымалдаушылардың ұстанатын қағидаттары себеп. Еуропалық компаниялар Ресей Федерациясының аумағынан ұшып өткенде, олар нақты бір жарна төлейді. Бұл жарна субсидия көлемінде тікелей "Аэрофлот" компаниясына барады. Ырықтандыру кезінде бізде әділетті бәсекелестік болмайды. Барлық есептеулер "ортақ аспан" режиміне көшкен кезде отандық әуетасымалдаушылар нарығынан айырылатындығымызды көрсетті", - деп атап өтті Р.Ошақбаев. Еуразиялық экономикалық комиссиядағы бәсекелестік және антимонополияны реттеу министрі Нұрлан Алдабергеновтың атап өтуінше, "ортақ аспан" приципі енгізілгеннен кейін "Аэрофлот" компаниясы үлкен артықшылыққа ие болады. "Аэрофлот - ұзақ жылдар бойы аяғынан тік тұрған, үлкен ұшақтар паркі мен қосымша субсидия алу мүмкіндігіне ие ірі компания. Бұл компаниямен қалай "ортақ аспанға" бірігуге болады? Жоқ, әрине. "Ортақ аспан"- бүгінгі күннің сұрағы емес. Егер орын алса, кедейленуге ұшырайды", - деп қорытындылады Н.Алдабергенов.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024