
Украина. 16 мамыр. 7kun.kz – Украинаның шығысындағы Донбас маңындағы шайқастар қарқынды жүріп жатыр. Алайда ақпан айынан бергі соғыс барысында Ресей тарапы құрылық әскерінің үштен бірінен айырылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Британдық барлау қызметінің мәліметінше, соғыс басталғалы Ресей өз әскерінің үштен бірінен айырылған. Ал майдан даласындағы шығындары туралы қос тарап та соңғы апталарда ашық жарияламайтын болған. Бұған дейінгі шығындар туралы мәліметтер де екі жақта екі түрлі болған.
Одан бөлек, Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің дерегінше, Ресейдің Донбасқа шабуылы жақын арада жылдамдамайды. НАТО бас хатшысы да Ресей өз мақсатына жете алмайды деп санайды.
«Ресейдің Украинадағы соғысы Мәскеу жоспарлағандай болмай жатыр. Олар Киевті басып ала алмады. Қазір Харьков маңынан шегінуде. Донбасқа бағытталған ірі шабуыл да кешеуілдеп жатыр. Ресей өзінің стратегиялық мақсатына жете алмайды», деді Йенс Столтенберг.
Ресей әскері қиындықтарға тап болса, Украина тарапы, керісінше, күшейіп жатыр. 15 мамырда Украина Қарулы Күштерінің аумақтық қорғаныс күштерінің Харьков қаласындағы 127-ші бригадасының 227-шы батальоны Ресей әскерін шегіндіріп, екі ел арасындағы мемлекеттік шекараға жақындады. Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрлігі Facebook-тегі парақшасында мәлім етті. Ресми мәлімдемеде «Жеңіске бірге жетейік!» деп жазылған.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025