
Ресейдегі оптика салондары ең танымал контактілі линзалардың тапшылығы туралы дабыл қағуда. Олар елге импортталатын өнімдердің жартысын құрайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ресейде Acuvue контактілі линзалар таусылуда. Себебі, олардың өндірушісі америкалық Johnson & Johnson (J&J) желілерге тауар жөнелтуді шектеді. Сондай-ақ, Bausch & Lomb, CooperVision, Alcon секілді басқа компаниялардың линзаларының жеткізілімімен де қиындық туындауда.
Оптикалық дүкендердің өкілдері танымал линзалардың тапшылығы туралы дабыл қағып, елдегі танымал линзалардың қорлары тек алдағы алты айға ғана жететіндігін айтты. Олар сәуір айының соңында танымал брендтердің линзаларының жеткізілімін күтетіндіктерін хабарлады.
Ресейде Acuvue линзалары бөлшек линзаларды сатылымның 50% және интернеттегі 70-80% құрайды. RNC Pharma бағалауы бойынша, өткен жылы көрші елге Acuvue линзалары 5,4 миллиард рубльге әкелінді. Бұл жалпы өнімнің 55% құрайды. J&J наурыз айының соңында Ресейге жеке гигиена құралдарын жеткізуді тоқтату туралы хабарлады, бірақ американдық компанияның бұл шектеуі линзаларға қатысты болмады.