Ресей азаматтарының қазақстандық нарықтағы жаңа көліктерге деген сұранысы артқан. Ресейліктердің Қостанайдағы дилерлік орталықтағы көліктерге сұранысы 10 есе артқан, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сарапшылар айтуынша, сұраныстың артуына Еуропадан келген дайын көліктер мен Ресейдегі әлемдік көлік өндірушілерінің зауыттарының жұмысының тоқтауы себеп болған.
"Саяси жағдай өзгергенге дейін сұраныс саны бірқалыпты болды. Көбіне сұраныс жеке жабдықтары бар сәнді көліктерге түсетін. Қазір отандық көлікті сатып алу туралы сұраныстар бойынша онлайн да, офлайн да сұраныс 10 есеге артты. Бізде шығарылған көліктерді сатып алу туралы өтініштер де түсіп жатыр", - деді Қостанай дилерлік автоорталықтың сату жөніндегі директоры Евгений Бибер.
Көрші ел тұрғындарын Қазақстан нарығындағы көлік құны қызықтырады. Мәселен, Ресей аумағында жұмыс істейтін қытайлық концерндердің бірі бағаны 50 %-ға жаңартты.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жасалған көлікті 5,8 миллион теңгеден бастап сатып алуға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024