"Россельхознадзор" Қазақстанға 35 тонна құс етін өткізуге тыйым салды деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
"Россельхознадзордың" Тверь және Псков облыстарындағы басқармалары Пыталово қаласында Қазақстанға бара жатқан мұздатылған тауық еті бар теміржол контейнерін ұстады. Бұған Кедендік одақтың ветеринарлық-санитарлық талаптарының бұзылғаны себеп болыпты: мәселен, шығарушы кәсіпорын мен өнімнің шығарылған күні туралы ақпарат жоқ болып шыққан, кейбір тауар партияларында қосымша ветеринарлық құжат болмаған, ал ветеринарлық сертификаттың рәсімделген күні өнімнің шығарылған күнінен бұрын жарық көрген.
Сонымен қатар, Россельхознадзордың Астрахань облысындағы басқарма инспекторлары 20 тонна көлеміндегі алма партиясын ұстады. Беларустан Қазақстанға бара жатқан өнім жолдан тайып, Астраханьнан шыққан, оның үстіне молдава алмасының атымен польшалық жеміс кірген екен.
Бұған дейін Ресей Қазақстаннан келген кептірілген жемісті кіргізбей тастаған болатын.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024