Экономика
IT, Технология
Ресей Қазақстанның Қарулы Күштеріне ақысыз 5 зениттік-зымырандық кешендерін берді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне ақысыз негізде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінен бес С-300ПС қазіргі заманғы зениттік-зымырандық кешен келіп түсті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды
«С-300ПС зениттік-зымырандық жүйелер жауынгерлік практикалық оқ атуларда сыналады. Әуе кеңістігін тасалау бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдеріне жарақтандырылуға берілетін болады», - деді ҚР ҚК ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов. С-300ПС зениттік-зымырандық кешені шағын төмен ұшатын нысаналарды жою үшін арналған. Кешен Алматы маңындағы «Жетісу» станциясына теміржол көлігімен жеткізілді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024