Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей Қазақстанның Қарулы Күштеріне ақысыз 5 зениттік-зымырандық кешендерін берді

Ресей Қазақстанның Қарулы Күштеріне ақысыз 5 зениттік-зымырандық кешендерін берді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне ақысыз негізде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінен бес С-300ПС қазіргі заманғы зениттік-зымырандық кешен келіп түсті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды

«С-300ПС зениттік-зымырандық жүйелер жауынгерлік практикалық оқ атуларда сыналады. Әуе кеңістігін тасалау бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдеріне жарақтандырылуға берілетін болады», - деді ҚР ҚК ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов. С-300ПС зениттік-зымырандық кешені шағын төмен ұшатын нысаналарды жою үшін арналған. Кешен Алматы маңындағы «Жетісу» станциясына теміржол көлігімен жеткізілді.

Похожие материалы