Ресей мен Қытай ауыл шаруашылық саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін арнайы инвестициялық қор құрады. Қытай делегациясының 8 мамыр күні Мәскеуге сапары барысында осындай келісімге қол қойылады деп хабарлайды РИА Новости Ресейлік тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы Кирилл Дмитриевке сілтеме жасап.
Жобаға РТИҚ, ресейлік-қытайлық инвестициялық қор (РҚИҚ) және Хэйлунцзян провинциясының халықтық үкіметі қатысады. Екі жақ ауыл шаруашылық, жер өндеу, кедендік рәсімдеу, логистика және азық-түлік өнімдерінің сатылымы саласындағы серіктестік нығайтуға келісті. Инвестқордың көлемі 2 млрд долларды құрайды. "Біздің үлесімізге қарағанда қытайлық институтционалды инвесторлардың салатын қаржысы көп болады. Олардың агросекторда инвестиция салудағы тәжірибесі бар", - деді К.Дмитриев. Оның сөзінше, қазір 10 жобаға дейін қаралып жатыр. Сондай-ақ, РТИҚ және қытайлық CITIC Merchant компаниясы ресейлік-қытайлық инвестициялық банк құруға келісті. Бұл құрылым инвестициялық-банктік бизнес саласында қызмет көрсетіп, қытайлық капиталды ресейлік компанияларға тарту арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланыстың нығаюына ықпал етпек. Қаржы институты акционерлік капитал нарығындағы барлық қызмет түрлерін көрсетіп, бірінші және екінші бағалы қағаздарды Қытайдың қор нарығына шығаратын болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024