Осы жылдың 30 қыркүйегінен бастап Ресей Сириядағы "Ислам мемлекеті" террорлық тобына қарсы әуе соғыс қимылдарын бастады. Халықаралық қауымдастықтың наразылығына қарамастан әскери операция әлі де жалғасып жатыр. РБК Сириядағы соғыс үшін Ресей бюджетіне қаншалықты салмақ түсетінін анықтап көрген.
Ресейлік әскери күштердің Сириядағы әскери операцияға қатысуы 2015 жылдағы бюджетке қосымша шығындарды талап етпейді. Бұл туралы Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов мәлімдеген еді. "Бұның барлығы Қорғаныс министрлігі бюджеті аясында жүзеге асырылып отыр. Келесі жылы қосымша шығындар болмайды", - деді ол. Бірақ ресми тұлғалардың ешқайсысы соғыс қимылдарының нақты бағасын айтқан жоқ. "Таяу Шығыстағы оқу жаттығуларынан қымбат емес", - деп жазады РБК Кремльдегі екі дереккөзіне сілтеме жасап. Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі, Азаматтық инициатива комитетінің басшысы Алексей Кудрин де осылай деп мәлімдеген еді. "Бұл аса қымбат операция емес. Ол Шығыс Украинамен байланысты операциядан арзанырақ", - деді ол.Ресей қаншалықты күшке ие?
Ресейдің әскери күші сириялық Латакия қаласының маңындағы Хмеймим базасында топтастырылған. Әуе-ғарыш күштерінің әуетобы 50 ұшақ және тікұшақтан тұрады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков соғыс операциясының басында мәлімдеді. Әскери әрекеттерге тек ұшақтар қатысады, ал тікұшақтар база периметрін күзету үшін қолданылады. Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметтерінде Су-25, Су-24, Су-34 бомбалаушы пайдаланғандары да хабарланады. Ал "Звезда" арнасының хабарлауынша, Сирияда тағы да жаңа ресейлік Ил-20 ұшақ пайдаланған. Латакиядағы әуетобының инфрақұрылымын қолдау үшін аэродром-техникалық қамтамасыз ететін және байланыс, радиотехникамен қамтамасыз ететін арнайы батальондар жасақталған. Ал Хмеймим және Тартус базаларын Қара теңіз флотының 812-бригадасының (600 адам) күшейтілген батальонды-тактикалық тобы қорғайды.Тамақтану, тәуліктік төлем
Шетелдік мемлекет аумағындағы тәуліктік іс-сапар яғни сириядағы операция үшін ресейлік әскерлерге төлем төлеу бюджеттен қосымша шығын шығаруды талап етеді. РБК-ның жазуынша, тәуліктік төлем бағасы қорғаныс министрлігінің арнайы бұйрығы арқылы анықталады. Сириядағы бұл көрсеткіш 62 долларды құрайды. Алайда Ресей Қорғаныс министрлігінің бұйырығында жазылғандай шекара сыртындағы қақтығыс аймақтарында өз міндетін орындап жүрген әскерилерге "қызмет орнында тамақтандыру ұйымдастырылса", жалпы төлемнің тек 30%-ы ғана беріледі. Яғни сириялық операцияға қатысқан әрбір ресейлік әскери қызметкерге күніне 18,6 доллардан төленеді. Ал Сириядағы ресейлік құрам шамамен - 1600 адам. [caption id="attachment_25558" align="alignnone" width="800"] Фото: РБК[/caption] Адам басына 18,6 доллар деп есептегенде мұндай құрамға бюджеттен күніне 30 мың доллар жұмсалады. 1600 адамды тамақтандыру үшін әр тәулік сайын 16,5 мың доллар жұмсалады.Әскери ұшулар
Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметі бойынша, 30 қыркүйек пен 24 қазан аралығында ресейлік ұшақтар Хмеймим әуеабазасынан 934 рет ұшып шыққан. Тәулігіне орташа - 37 ұшу. Әскери операцияларға қатысушы техникалардың арасында Су-24М, Су-25, Су-34 және Су-30 бар. Ресейлік бомбалаушының немесе атқыштың бір рет ұшып шыққандағы орташа құны -мемлекеттік құпия. "Мұндай есептеулермен қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу институттары ғана айналысады. Тіпті әскери ұшқыштар да қаржылық мәселені толық білмейді", - деді РБК-ның Ресей Әуе-қорғаныс күштеріндегі дереккөзі. Әрбір ұшуды дайындау үшін тағы да ондаған арнайы автомобиль қажет. Ірі қорғаныс кәсіпорнындағы басшылыққа жақын дереккөздің айтуынша, ұзақтығы 1 сағатқа созылатын әскери ұшу үшін 3,5 млн рубль жұмсалады деп есептейді. Яғни жақын радиустағы әскери ұшу құны шамамен 3,5 млн рубль, ал орта және алыс радиустағы ұшу құны 5,5 млн рубль болады. Алғашқы 25 күндегі жалпы ұшулар Ресей бюджетіне 3,6 млрд рубль немесе тәулігіне 146 млн рубль салмақ түсірген.Қанатты зымырандар
Ресей президенті Владимир Путиннің туылған күні 7 қазанда Каспий флотындағы 4 кемеден "Ислам мемлекет" террорлық тобының позицияларына 26 "Калибр" қанатты зымыраны ұшырылды. Соққы нәтижесі туралы Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді. [caption id="attachment_25556" align="alignnone" width="1000"] Фото: cont.ws[/caption] "Калибр" зымыранының да бағасы мемлекеттік құпия деп есептеледі. Алайда 2006 жылы үкіметтің Үндістаннан осы типтегі 28 қанатты зымыранды 184 млн долларға сатып алғаны белгілі. Мамандардың айтуынша, бұл жағдайда "Калибрді" америкалық "Томогавкпен" салыстыруға болады. "Томогавкты" бір рет үшыру үшін Пентагон 1,5 млн доллар жұмсайды. Ресейде тыңшылық үшін айыпталған, қазір Америкада тұратын АҚШ және Канада Институтының қызметкері Игорь Сутягин "Калбир" зымыранын ұшыру құны 750-900 мың доллар деп есептейді. Яғни "Томогавкқа" қарағанда аз. Осылардың барлығын есептегенде, Каспий теңізі аумағынан сириялық аймақтағы террористердің позициясына бір рет зымыран ату құны 20 млн доллардан 60 млн долларға дейін қаржыны талап етеді.Транспортты авиация және флот
Латакиядан Моздокаға ұшырылатын Ил-76 және Ан-124 рейстерін есептегенде, операцияның алғашқы 25 күні әуетранспортын тасымалдау үшін ресейлік әскер 1,9 млн доллар жұмсаған. Тәулігіне - 75 мың доллар. Осы арқылы Сириядағы операцияларды орындау үшін тәулігіне 2,5 млн доллар немесе 156 млн рубль (2,4 млн - әскери ұшуларға, 160 мың доллар- азық-түлік пен тәуліктік төлемге) жұмсайды. Аптасына 1 млрд рубль жұмсалады. Сондай-ақ "Калибр" зымырандарымен атқылау үшін тағы 20 млн доллар және азаматтық кеме үшін 15 млн доллар қажет. Егер осы қарқын жалғасса, жыл соңына дейін Ресей бюджеті 18 млрд рубль жұмсайды. Ал 2016 жылға арналған бюджетте "ұлттық қорғаныс" бабы үшін 3,145 трлн рубль жұмсау көзделіп отыр. Осыған дейін британдық сараптамалық IHS Jane's орталығы және "Коммерсанть-Деньги" басылымы Сириядағы соғыс үшін Ресейді қаншалықты шығындалатындығын анықтауға тырысқан еді. Британдықтардың бағалауынша, сириялық операция үшін ең кем дегенде тәулігіне 2,4 млн доллар жұмсалады. Алайда бұл цифра 4 млн долларға дейін жетуі мүмкін. Ал "Коммерсанть-Деньги" басылымы сарапшылардың болжамына сүйене отырып, ресейлік әскер бір жылда 1 млрд еуро, ал тәулігіне 2,7 млн еуро жұмсайды деп шешті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024