Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейдің компьютер нарығы 43%-ға төмендеді

Ресейдің компьютер нарығы 43%-ға төмендеді

IDC сарапшыларының бағалауынша, 2015 жылдың қаңтар-наурызында Ресейдегі дербес компьютерлер (ДК) жеткізілімі өткен жылмен салыстырғанда 43,6%-ға төмендеді. Десктоптардың әкелімі 35,8%-ға, ноутбуктердікі шамамен 50%-ға азайды деп хабарлайды "Вести Экономика".

IDC Quarterly PC Tracker деректеріне сүйенсек, 2015 жылдың І тоқсанында Ресейге шамамен 1 млн үстел үсті және портативті ДК жеткізілген. Бұл 2014 жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 43,6%-ға төмен. Тоқсан қорытындысы бойынша нарықта жетекші орында Lenovo (бірінші тоқсанда жеткізілген барлық ДК-лардың 22,2%-ы), Hewlett-Packard (16,8%), Acer (10,5%), ASUS (8,7%) және DNS (6,3%) компаниялары. Үстел үсті ДК жеткізілімдері 35,8%-ға, 464 мыңға дейін қысқарды. Бұл сегменттің көшбасшылары - Hewlett-Packard, Lenovo, DEPO Computers, DNS және Aquarius. "Үстел үсті ДК коммерциялық сегментте жетекші орынды сақтап тұр. Шағын үстел үсті жүйелерге қарай сұраныстың ығысуы байқалуда. Неттоптармен қатар эргономиялық моноблоктар дәстүрлі ДК-ны толыққанды алмастырып отыр", - деп мәлімдеді IDC аналитигі Наталья Виноградова. Портативті ДК жеткізілімінің көлемі 2014 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 48,9%-ға, 536 мыңға дейін төмендеді. Мұнда үздік бестікке Lenovo, Acer, Hewlett-Packard, ASUS және Dell.

Похожие материалы