Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік автокөліктер бағасы қымбаттауда

Ресейлік автокөліктер бағасы қымбаттауда

Ресейден келетін жаңа автокөліктер бағасы көтеріліп келеді. Бұл жөнінде Kapital.kz хабарлайды.

«Ресейлі рубльдің құны түсуіне байланысты автокөліктерге деген сұраныс арта түсті. Бұл тренд долларына 35 рубль кезінде алынған автоларға да таралған. 2014 жылғы жаңа автокөліктер сатылып біткен соң, ресейлік автодилерлердің жаңа партиялары долларына 50-60 рубльдік курспен сатылды. Нәтижесінде, Ресейде жаңа көліктер бағасы қымбаттады», — деп хабарлайды Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ). 2015 жылдың алғашқы тоқсанында қазақстандық автодилерлер өз автоларының бағасын түсірді. «Бұл, өз кезегінде, авто бағасының максимал теңесуіне әкелді. Яғни, рубль бағасы 2014 жылдың қарашасымен салыстырғанда орныға бастағанда, қазақстандық пен ресейлік автокөліктер бағасында аса айырмашылық байқалмайды. Жергілікті ресми өкілдердің маркетингтік және жарнамалық акцияларына да оң әсер берді. 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 85 мың ұсталған көлік пен 31 мыңнан аса жаңа авто импортталған. », — дейді ҚАБҚ. Қауымдастықа 2014 жылдың қараша және желтоқсан айларында Қазақстан пен Белорусия сатып алушылары Ресейден 90 мыңға жуық автокөлік алынған. Оның ішінде жартысына дуығы жаңа болған. Сарапшылардың болжамы бойынша, мамыр айында жаңа автокөлік сатылымының көлемі шамамен, 95 мың болады. Салыстырып қарайтын болсақ, қауымдастықтың мәліметі бойынша, ресми автодилерлер наурыз айында 8,3 мың, сәуірде 9,5 мың автокөлік сатқан. Автонарық қатысушыларының пікіріне сүйенсек, қаңтар мен наурыз айлары аралығында Қазақстанның ресми ритейлерлері 25 мың автокөлік сатқан. Бұл 2014 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 25 пайызға кем.

Похожие материалы