Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік хакерлер АҚШ-қа кибершабуыл жасағанын мойындады

Ресейлік хакерлер АҚШ-қа кибершабуыл жасағанын мойындады

Ресейлік хакер Дмитрий Смилянец құпия ақпаратты саудаға салғаны үшін мемлекет тарихында ең ірі хакерлік шабуылшы ретінде кінәлі деп табылды. Бұл туралы сот құжаттарына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Д.Смилянец өзіне тағылған электронды байланыс құралдарын пайдалануда алаяқтық жасағаны туралы айыпты мойындады. Хакер 20 жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Сот шешімі келесі жылдың 13 қаңтарында хабарланады. Бұдан бұрын ресейлік бұзақы өз кінәсін жоққа шығарған еді. Тергеу ісінің мәліметі бойынша, Д.Смилянец пен РФ-ның үш азаматы және украиналық азамат компьютер желілерін бұзуға тікелей қатысып, 160 млн-ға жуық кредит карталарының нөмірін ұрлаған. Олардың қылмыстық әрекетінен 2005 -2012 жылдары  Nasdaq электрондық биржасы, JetBlue әуе компаниясы, J.C. Penney және 7-Elevenа сауда желісі, француздық Carrefour бөлшек-сауда кешені және бельгиялық  Dexia банкі залал шеккен. Келтірілген шығын есебі 300 млн долларды құрады. Д.Смилянецтің қатысуымен рұқсат етілмеген банк есебін алу үшін  зиянкестік әрекетпен несиелік карта нөмірлерін сату қылмыстары жүзеге асырылды. Сондай-ақ, ол алынған кұрылғыларды хакерлер арасында бөліске салып отырған деген ақпарат бар. Д.Смилянец 2012 жылы америкалықтардың іздестіруімен Нидерландыда ресейлік азамат Владимир Дринкманмен қолға түсті. В. Дринкман кибершабуылқа қатысы бар екенін бірден мойындады. Ал, іске қатысы бар ресейлік Роман Котов, Александр Калинин және украиндық Михаил Рытиков әлі іздестірілуде. Сондай-ақ, федералдық тергеу бюросы азаматтарды  құпия ақпараттарды алу үшін және есеп, келісімдерге қатысты жарияланбаған баспасөз баяндамаларын орналастыру үшін қолданылатын жаңалықтар жүйесін (PRNewswire Association, Marketwired и Business Wire) бұзуға байланысты 2010 жылы орын алған оқиғаға қатысы бар деп отыр. Хакерлер аталған құрылғыны Alpharetta компаниясының трейдеріне орналастырған. Өз кезегінде Alpharetta компаниясының қызметкерлері алынған ақпаратты биржада баға белгіленімін реттеу үшін және келісім жасау үшін пайдаланып келген. Нәтижесінде қолдағы бар ақпаратпен жоғарғы кіріске ие болды. Негізгі келісім көлемі Bank of America, Boeing, Caterpillar, Hewlett Packard, Netflix, Panera Bread және  Texas Instruments секілді ірі компаниялардың акцияларына тиесілі. Осы уақыт аралығында 150 мың баспасөз баяндамасы ұрланып, қылмыстық топ 30 млн доллар көлемінде пайда көрді.

Похожие материалы