Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Роза Әлқожа «Мен сыйға тартқан орамал» дүкенін ашты

Роза Әлқожа «Мен сыйға тартқан орамал» дүкенін ашты

Танымал әнші Роза Әлқожа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Мен сыйға тартқан орамал» дүкенін ашқаны туралы хабарлады.

"Ертең, туған күнімде))) Сіздерді ALKHOJA бренд ОРАМАЛДАРЫН көруге шақырамыз! Барлығын шақырып үлгермей жатқандықтан,əлеуметтік желі арқылы қосымша хабарлап жатқаным! Келіңіздер!!! Мақсат: 1. Өз өрнегіміз бар (отандық) орамал түрлерін көбейту; 2.Халыққа қол жетімді бағада мұсылманша - қазақша киім түрлерін жаңа үлгіде жасап шығару; 3.Кəсіби дизайнерлерді қарапайым жұртқа жұмыс жасауға үндеу; 4. Қанша заманауи киінсек те ұлттық болмысымыз ды айқындайтын киім киюге шақыру!",- деді ол өзінің әлеуметтік желісінде (барлық орфографиялық пунктуациялары сақталған). "Мен сыйға тартқан орамал" дүкенінің ашылу салтанаты 1-қазан күні, "Almaty towers" ғимаратында өтпек.  

Похожие материалы