Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

S&P агенттігі қазақстандық Альфа-Банктің рейтингін төмендетті

S&P агенттігі қазақстандық Альфа-Банктің рейтингін төмендетті

Standard and Poor's (S&P) қазақстандық Альфа-Банктің несиелік рейтингін төмендетті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында хабарланды.

S&P Global Ratings рейтинг агенттігі қазақстандық "Альфа Банк" эмитентінің ұзақ мерзімді кредит рейтингін "В" деңгейіне дейін төмендетті, ал эмитенттің қысқа мерзімді кредит рейтингін "В" деңгейінде растады және ұлттық шкала бойынша рейтингті "kzВВ+" дейін төмендетті. Рейтингтер CreditWatch Negative тізімінде.

Айта кетейік, Альфа-Банк АҚ – ресейлік Альфа-Банктің еншілес банкі. Ол штаб-пәтері Люксембургте орналасқан АВН Holdings S. A. жеке халықаралық холдинг компаниясының бөлігі болып табылады. Холдингтің иелері – танымал ресейлік бизнесмендер Михаил Фридман, Герман Хан, Алексей Кузьмич, Петр Авен және Андрей Косогов.

Ал S&P Global Ratings – қаржылық қызметтер көрсететін, кредиттік рейтингтер, зерттеулер мен талдаулар ұсынатын компания. Компания 1860 жылы құрылған. Оның штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан. S&P Global Ratings – үш негізгі рейтингтік агенттіктердің бірі. Ол S&P Global компаниясының еншілес компаниясы, сондай-ақ оған S&P Global Market Intelligence және S&P Dow Jones Indices кіреді.

Похожие материалы