Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сәуле Айтбаева: Кәсіпкерлерді тексерудің жаңа тәртібі пайда болды

Сәуле Айтбаева: Кәсіпкерлерді тексерудің жаңа тәртібі пайда болды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтбаева кәсіпкерлерді тексеруден өткізудің жаңа тәртібі туралы мәлімдеді. Бұл туралы Казинформ хабарлайды.

«Тексеріс өткізудің жаңа тәртібі енгізілді. Тексеру мына салалар бойынша жүргізіледі: санитарлы-эпидемиологиялық сфераны көздеу, өнеркәсіп қауіпсіздігі, ядролық заттар, қару-жарақ айналымы т.б. Бұл кестеге сай құрылған ерекше тексеріс жүргізу тәртібі.  Тәуекел баға критерилері балдық есеп бойынша жүргізіледі. Егер 0-60 балл жинаса  тәуекелдің ерекше сферасына өтеді, 60-100 балл жинаса ең жоғарғы баға критерилеріне тап болады», - деді С. Айтпаева. Төрайымның сөзіне қарағанда, кәсіпкерлер арасында заң бұзушыларды анықтап тұратын жүйе пайда болады. «Бұдан бөлек, тексеру парақтары да енгізіліп жатыр. "Тексеру картасы" арқылы әрбір кәсіпкер өзін тексеру кезіндегі нәтижені көріп, өздеріне тексеру келетіндігі туралы болжап біле алады. Яғни тексеру жүргізудің нақты негіздері болады. Біздің жоспарланған тексерулер осы ерекше тексеріс жүргізу тәртібіне байланысты кейінге қалдырылды" - деді С. Айтпаева. «Тексеру картасынан» кәсіпкерлердің тексеріс нәтижелерімен қатар олардың заң бұзушылық әрекеттерін көруге болады. Ұйым немесе мекеме туралы қолданушылар толық ақпарат ала алады.

Похожие материалы