Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2018 жылғы 1 шілдеде 993,2 млрд. теңге (жылдың басынан бері 7,3%-ға өсу) болды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру секторында 32 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді.Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 556,8 млрд теңгеге дейін 8,4%-ға ұлғайды.
Қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бері 491,8 млрд. теңгеге дейін 6,8%-ға өсті.
Меншікті капитал 436,4 млрд теңге (жыл басынан бері өсу 6,0%) болды.
Сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2017 жылғы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 212,1 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды, олардың ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 187,3 млрд теңге болды.
2018 жылдың алты айының қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 35,6 млрд теңгеге дейін 9,9%-ға ұлғайды. Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларында «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 2017 жылғы 1 шілдедегі 15,9%-бен салыстырғанда 16,8% болды.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 60,3 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 28,4%-ын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 83,4%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.
2018 жылдың басынан бастап жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 37,6 млрд теңге болды, ол 2017 жылдың осындай кезеңінен 2,3%-ға аз.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024