Астана. 8 желтоқсан. 7kun.kz - Осы жылы мемлекеттік бюджетке келетін салықтық түсімдер мен төлемдер 2015 жылмен салыстырғанда 35,1% құрады деп жазады LS. 2016 жылдың қаңтар-қараша айындағы жалпы түсім көлемі 5 трлн теңгені құрады, ал өткен жылы осы периодта қазынаға 3,7 трлн теңге келген еді.
Оның ішінде салықтық түсімнен келген ақша 4,6 трлн теңгені құрады, осыған дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 31,4%-ға аз.
Табыс салығынан келген түсім 1,6 трлн теңгені, ақылы қызметтен 1,6 трлн теңге, халықаралық сауда мен сыртқы операциялардың салығынан 771,3 млрд теңге, әлеуметтік салықтан 429,6 млрд теңге, жеке меншік салығынан 203,1 млрд теңге және басқа салықтардан келген түсім 193,7 млн теңгені құрады.
Осы жылдың 10 айындағы салықтық емес түсімдер 312,7 млрд теңге болды. 2015 жылдағы периодпен салыстырғанда (189 млрд теңге) аталған сома 68,1%-ға өсті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024