Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Samal» суға сапар

«Samal» суға сапар

Сусыз қанша күн өмір сүре аласыз? 1,2,3 күн ... Бәлкім, бір апта шығар, бірақ одан көп емес. Адам ағзасының 70%-ы судан тұратындықтан, оны үнемі толтырып отыру керек. «Су – тіршіліктің көзі» деген сөз де осыдан шыққан. Таза ауыз су – жанның дауасы, денсаулықтың кепілі. Ал сол біз күнделікті тұтынатын таза ауыз су қандай процесстерден өтеді? Осы сұраққа жауап алу мақсатында 7kun.kz  "Samal" ауыз су өндіретін зауытының жұмысымен танысып қайтты.

*Анықтама

  • «Samal» ауыз суы "Керемет Су СКЕ" компаниясының өнімі;
  • 2009 жылдан бастап іске қосылды;
  • Қазақстан жер асты суларының № 2940 артезиан ұңғымасы – Samal-дың негізгі көзі, тереңдігі – 300 метр;
  • Ұңғыма Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан.

Samal өз тұтынушыларын таза ауыз сумен қамтамасыз етіп келе жатқанына биыл – 10 жыл. Осы жылдар аралығында өнім халықтың сеніміне ие болды. Сондай-ақ, компания 2019 жылдың мамыр айында өзінің 19 медалін жеңіп алды. 0,5 литр (газдалған және газдалмаған), 1 литр (газдалған және газдалмаған), 6 литр және 18,9 литрлік бөтелкелердегі «Samal» ауыз сулары InterFood Astana байқауының «Сапа дәстүрі» азық-түлік өнімдері мен сусындарының кәсіби дегустациясында 1 орынды қанжығасына байлады.

Әрине, бұл марапат компанияға тектен-текке берілмеген. Мұнда шығатын ауыз су ұңғымадан, бөтелкеге құйғанға дейін 5 сатылы өңдеуден өтеді: механикалық тазалау, жұмсарту, сүзгіден өткізу, молекулалық тазарту және ультракүлгін зарарсыздандыру.

Ал оның ерекше балғын дәмі суды озонмен байытқаннан кейін пайда болады. Бұл процесстер сапалы суды алу үшін міндетті түрде орындалады.

Су өңделуі кезеңінде оның ыдысы дайындалады. Samal поликарбонатты бөтелкелерді пайдаланады, себебі пэт-бөтелкелері бірнеше рет жоғары температурада жуғанға шыдамайды. Сонымен қатар, поликарбонатты бөтелкелер судың дәміне, түсіне, иісіне немесе құрамына әсер етпейді.

Айта кетерлігі, поликарбонатты бөтелкелер бірнеше рет жуып, қайта пайдалануға жарамды. Жарық экранында жұмысшылар бөтелкенің ішінде бөгде заттардың болмауын тексереді. Содан кейін ол бракиратор аппаратына түседі. Ол жерде бөтелкенің зақымданбағаны тексеріледі. Егер зиян келтірілген бөтелкелер анықталса, олар жарамсыз деп танылады. Бракиратордан кейін ыдыс сыртқы жууға, сосын «триблок» аппаратына жіберіледі. Бұл дайын өнімді ішкі жуу және құю машинасы. Ішкі жуу жоғары қысымды сілтілі ерітіндімен жүргізіледі, содан соң ыдыс сумен шайылады. Әрі қарай ыдысты сутегі асқын тотығымен жуады, қайтадан сумен шаяды және бөтелке су құюға беріледі.

Суға толтырылған бөтелкеге бір реттік қақпақ кигізіп, құйылған күні көрсетілген стикерді жабыстырылады.

Келесі кезекте тығынға термоқалпақ және пакет кигізеді.

Дайын өнім қоймаға жіберіледі. Бұл жерден тапсырыс берілген бөтелкелер тұтынушыларға 3 сағаттың көлемінде жеткізіледі. Сонымен қатар, тұтынушы тапсырыс берген ауданда Samal-дың жүк көліктері болған жағдайда ауыз суды 10-15 минутта жеткізу мүмкін.

«Samal»  ауыз сулары – жоғары сапа кепілі. Оны компанияның мамандары көз алдымызда тәжірибе жасап, дәлелдеді. Ең алдымен, екі стаканның біріне – краннан алынған суды, екіншісіне – Samal суын құйып, оларға электродтарды салды.

Сәл уақыттан кейін жоғары температураның әсерінен кранның суының түсі қоңырға айналып, сұйықтықтың бетіне тұнба шықты. Ал бөтелкедегі судың түсі сәл ғана өзгеріп, сарғыш болды.

Бұл судың жақсы тазартудан өткенін, сондай-ақ пайдалы минералдары әлі де бар екенін көрсетеді. Дәл осы тәжірибені сүзгіден өткен кранның суымен де жасады, нәтиже өзгеріссіз қалды. Бұл ретте зертханашылар Samal-дың сапасын арттыру үшін суды үнемі қадағалайтыны байқалды.

«Керемет Су СКЕ» компаниясы Қазақстандағы және шетелдегі тұтынушыларын қуанту үшін тынбай еңбек етеді, үнемі жаңашылдыққа ұмтылады. Оған мысал, биылғы жылы «Samal» ауыз суы ребрендингтен өтті. Логотип, фирмалық стиль және сауда маркасының сайты өзгерді (www.swr.kz).  Жаңа дизайн – серпінді дамып келе жатқан компанияның одан әрі дамуына жол салатыны анық.

Сөз соңында «Керемет Су СКЕ» компаниясының әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсенді түрде қатысатынын айтып өткен жөн. Компанияның демеушілігімен «Алматы зоопаркіне – 80 жыл» мерейтойында арнайы акция ұйымдастырылып, келушілерге ыстық шәй мен салқын су, сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, «Болашақ» кәсіподағымен бірлесіп танымал шетелдік мультфильмдер қазақ тіліне аударылды және Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі мұражайының көрмесіне қолдау көрсетілген. Компания өкілдері алда мұндай жобалардың жалғасатынын ерекше атап өтті.

Похожие материалы