Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Самұрық-Қазына» АҚ әлемнің озық 20 қорының қатарына енді

«Самұрық-Қазына» АҚ әлемнің озық 20 қорының қатарына енді

«Самұрық-Қазына» АҚ әлемнің ең үздік төрт ұлттық әл-ауқат қорының қатарына қосылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы қазақстандық компанияның жұмысын жоғары бағалап, көшбасшы ретінде таныды. 

БҰҰ әлемнің ең үздік 20 зейнетақы және егемен қорының тізімін жариялады. Аталмыш халықаралық ұйымның институционалдық инвесторларының серіктестігі дайындаған (IIPSD)  «Мемлекеттік зейнетақы және егемен қорлар тұрақты дамуды қалай қамтамасыз етеді: көшбасшылардың тәжірибесі және ұсынылатын интеграция құрылымдары» атты есебінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорын озықтардың қатарына енгізді. 

Қордың орнықты дамуды интеграциялау саласындағы көшбасшылар қатарынан көрінуі әлемдік қоғамдастықтың бұл бағыттағы бастамаларды қолдайтынын әрі ESG қағидаттарын енгізу бойынша қабылданатын тәсілдер мен шаралардың дұрыстығын көрсетеді. 

Үздіктердің сапына 16 зейнетақы қоры мен 4 ұлттық әл-ауқат қоры ілікті. Олардың қатарында Temasek Holdings, Future Fund және New Zealand Superannuation Fund бар.

Жалпы, құжат әлемдік деңгейде активтерді басқару бойынша 50 ірі мемлекеттік зейнетақы қорын, 30 ірі ұлттық әл-ауқат қорын қамтып, бірқатар түйін шығарады. Атап айтқанда, әрбір төртінші қор (жиырма Қор) өзінің инвестициялық қызметіне орнықты дамудың интеграциясы туралы есептерді жариялайды, ESG интеграциясын ұстанатын мықты басшылық пен команда өзгерістің, озық тәжірибенің маңызды қозғаушы күші болып табылады, 20 жетекші қор кем дегенде 17 халықаралық салыстырмалы көрсеткішті  пайдаланады, инвестициялардың әсері (БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына байланысты инвестицияларды қоса алғанда) туралы дәл осы 20 қор хабарлайды және ол жауапты инвестициялаудан орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған инвестицияларға ұласып жатқан ауысуды куәландырады. Осы орайда озық қорлар орнықты даму саласындағы, нақтысын айтсақ,  экологиялық жағдайды жақсарту үшін халықаралық стандарттарды пайдалануда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. 

БҰҰ-ның бұл есебі - БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) мен ESG қағидаттарын әлемдегі ең ірі мемлекеттік зейнетақы қорлары мен ұлттық әл-ауқат қорларының интеграциясына жүргізілген мониторингтің есебі. Оған бес стратегиялық саланы қамтитын озық әдістердің ауқымды жиынтығы кіреді. Айталық, басқару, орнықты инвестициялаудың корпоративтік саясаты, дамуды интеграциялау стратегиясы, инвестициялық тізбек бойынша ESG интеграциясы, бағалау және есептілік бағыттарын қамтиды. 

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры бұған дейін де әлемдік деңгейдегі рейтингтерде көшбасшылардың қатарынан көрінген болатын. Мәселен, осы жылдың маусым айында S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қордың ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ+/В» деңгейінде растап, болжам – «Тұрақты» деген қорытынды жасады. Сонымен қатар, S&P «kzAA+» ұлттық шкаласы бойынша Қордың рейтингін растады. Ал Fitch Ratings агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-ын «ВВВ» деңгейіндегі рейтингке енгізіп, болжам «Тұрақты»/»F2» деген байламға келді. Қазіргі уақытта Қор активтер мөлшері бойынша әлемнің топ-30 тәуелсіз қорларының ішінде 21-орынды иеленіп отыр. 

Похожие материалы