Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылғы 1 сәуірде сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 1 105,9 млрд теңгені құрады. Жыл басынан 5,5%-ға өсті, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 1,4%-ға 588,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бастап 547,2 млрд теңгеге дейін 5,3%-ға өсті.
Меншікті капитал 517,7 млрд теңгені құрады (жыл басынан 10,6%-ға өсті).
2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 10,5%-ға 118,9 млрд теңгеге дейін өсті, оның ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі – 110,5 млрд теңге.
2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 50,9%-ға 24,0 млрд теңгеге дейін артты. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы үлесі 2018 жылғы 1 сәуірдегі 14,8%-бен салыстырғанда 20,2%-ды құрады.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 24,8 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 20,8%-ын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 92,3%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.
2019 жылдың басынан бастап жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 20,8 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы осы кезеңге қарағанда 16,3%-ға артық.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024