Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2019 жылғы 1 ақпанда 1080,0 млрд теңге болды. Жылдың басынан бері 3,0%-ке өсті, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 608,9 млрд теңгеге дейін 4,9%-ке ұлғайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бері
548,4 млрд теңгеге дейін 5,6%-ке өсті.
Меншікті капитал 471,1 млрд теңге (жыл басынан бері 0,6%-ке өсті) болды.
Сақтандыру сыйлықақылары 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 2018 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 64,5 млрд теңгеге дейін 40,8%-ға ұлғайды, олардың ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 58,6 млрд теңге болды.
2019 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,6 млрд теңгеге дейін 82,4%-ке ұлғайды. Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларында «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 2018 жылғы 1 ақпандағы 10,3%-пен салыстырғанда 13,3% болды.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 18,5 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 28,7%-ін құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 17,5%-і Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.
2019 жылдың басынан бастап жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 6,3 млрд теңге болды, ол 2018 жылдың ұқсас кезеңінен 19,6%-ке көп.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024