Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірген соң республикаға Германиядан және өзге де Еуропа елдерінен қолданыста болған көліктер қаптайтын болады. Мұндай болжамды белгілі қазақстандық экономист Уәлихан Төлешов Almaty.tv телеарнасының эфирінде мәлімдеді.
"Германиядан бұрын қолданыста болған көліктер қайта келеді. Бұл жағдайды бақылап отыру керек", - дейді Төлешов. Экономистің айтуынша, Қазақстанға ДСҰ елдерінің тізіміне ресми енген соң бейімделу кезеңінен өзімізге максимал пайдалы болатындай етіп өту керек. "20 жыл ішінде импорттық кедендік тарифтің 20 пайызға төмендеуі бәрі-бәрі ақырын түсетін болады. Біздің кәсіпкерлер көтерілулері керек. Егер өтпелі кезеңде біз оны жасай алмасақ, жөнді автомобиль жасай алмайтын боламыз",- дейді экономист. Естеріңіз сала кетсек, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты келісімдердің аяқталғанын елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген еді. Келіссөздер 19 жылға жалғасты. Еліміз ресми түрде Кенияда өтетін ДСҰ конференциясы кезінде 162-мүше ретінде кіретін болады. Аталған конференция 2015 жылдың 15-19 желтоқсанында өтеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024