Almagest консалтингтік компаниясының директоры, экономист Айдахар Құсайыновтың айтуынша, доллардың шарықтап кетуі психологиялық тұрғыда "доллардан бас бартуға" әкеп соғады. Яғни, ұлттық валютаның жағдайы жақсарады деген сөз. Сол себепті курстың құбылуына философиялық көзқараспен қарауға кеңес берді.
"Теңгені еркін айналымға жіберген кезде-ақ, курстың жедел өзгеретінін шамамен болжаған едім. Ұлттық банк қыртыстың бетін әлі де тегістей беруі мүмкін еді. Керек болған сәтте, әрине, аянып қалып жатқан жоқ. Бірақ, курстың осылай кенеттен өзгергені де дұрыс. Доллар ертеңдері 250-ге түседі деп ойлаймын", – дейді Құсайынов.
Жақын арада доллар курсы айналасындағы әңгімеден ел жалығады. Содан келісімдер жасауда (жылжымайтын мүлік пен авто сатып алу не сатуда) ұлттық валютаны қолдануға көшеді.
"Бұл тұрғындарды психологиялық тұрғыда "дедолларлайды". Теңге курсы түссе болды, журналистер экономистерге "Не боп жатыр?" "Енді не болады?" деп хабарласады. Бірер апта осылай өзгеріп, өзгеріп, ақыры жалығып, соңында жазудан да қалады. Осыдан соң елде тыныштық орнайды", – деп пайымдайды экономист.
"Бізде басқарылатын, доллар бағамын тиянақтайтын саясат еді. Бұл дұрыс емес. Курс тыныс алуы керек. Экономика жақсарып келе ме - теңге курсы көтеріледі. Нашарлады ма - түседі. Теңге курсы басқарылатынының салдарынан кішкентай ғана өзгеріс үшін айқай-шу туындап кетті. Тіпті жеп отырған нанының соңғы тілімін тартып алғандай шу шығарды. Қазіргі ахуал адамдар арасында ұлттық валютаны көбірек пайдалануға әкеледі. Олар былай дейтін болады: "Бағаны теңгемен қоя салайын, содан барлығы дұрыс болады. Әйтпесе, шаршадым". Отырып, санап, қайта санап... Мәселен, бүгін кеңсені 220 долларға ертең 260-қа жалдап. Қай курспен төлеу керек? Түсініксіз", – дейді сарапшы.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024