Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сарапшы: Доллар бағамы 320 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Сарапшы: Доллар бағамы 320 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін
Долларға қатысты теңге курсының күрт төмендеп кетуіне Қазақстан Ұлттық банк басшысының өзгеруі себеп болды. Америкалық валюта бағамының 300 теңгеге дейін қымбаттауына қатысты экономист Евгений Кочетов осындай пікір білдірді.  Оның атап өтуінше, жалпы қазақстандық экономикада айтарлықтай өзгерістер орын алған жоқ. "Қаржылай реттеуіштің жағдайы өзгерді, жаңа төраға келді. Осыған дейін Қайрат Келімбетовтың долларды 300 теңге деңгейіне жақындатқысы келмейтіндігі анық байқалатын еді. Енді келген Ақышевтың да көзқарасы осы тәріздес деп ойлаймын. Курстың жоғарылауы Ақышевтың келуіне байланысты", - деді ол. Экономист қазақстандықтарға дәл қазір долларды сатып алу үшін айырбастау пункттеріне жүгірмеуге кеңес береді. Оның айтуынша, валюта әлі де қымбаттай түседі және ол инфляцияның көтерілуіне әсер етуі мүмкін. "Қазандағы инфляция 5,2 пайызды құрады, желтоқсанда 8,2 пайызға жетуі мүмкін. Егер доллар курсы қараша-желтоқсанда 300 теңгеге жетсе, инфляцияның жаңа толқыны келуі мүмкін", - деп есептейді ол. Дегенмен Кочетовтың сөзінше, Ұлттық банк басшысы инфляциялық таргетттеу- инфляцияны белгілі бір деңгейде сақтап қалу саясатына қатысты мәселені жақсы біледі. Ал "Асыл-Инвест" сараптама департаментінің директоры Айвар Байкеновтың есептеуінше, басшы ауысқаннан кейін Ұлттық банктен интервенцияға қатысты еш әрекет күтудің қажеті жоқ. "Бұл жолы Ұлттық банктың валюта интервенцияларын жалғастырмауы мүмкін.  Д.Ақышев үшін 300 теңге деген жаңа мақсатты деңгей. Экс-басшы Қайрат Келімбетов үшін долларға қатысты 300 теңге деген курсты болдырмау міндет болса, енді бағам 320 теңгеге дейін де жетуі мүмкін.  Біздің болжамымызша, осы жылдың соңына дейін доллар курсы 315-320 теңге деген бағамға жетуі мүмкін. Бірақ сыртқы факторлардың да тікелей әсер ететіндігін ұмытпау қажет", - деп есептейді Айвар Байкенов. Оның сөзінше, 1 доллардың 300 теңге деңгейінде тұруы - экономикаға жаңа импульс беруге қажетті деңгей. Яғни реттеуіштен валюталық интервенцияға қатысты әрекеттер күтудің қажеті жоқ. Егер курс 315-320 теңге деңгейіне жетсе ғана, Ұлттық банк биржаға белсенді аралсады. Бірақ америкалық валютаның одан әрі жоғарылауы да мүмкін емес дейді сарапшы. Private Asset Management инвестициялық компаниясының сараптама департаментінің директоры Дамир Сейсенбаев курсқа өзгеріс енгізбеу валюта нарығындағы айла-шарғының көбейіп кетуіне әсер етуі мүмкін деп есептейді. "Теңге курсының әлсіреуі нарықты теңгеге қарай бұрылуға итермелемейді. Оның орнына долларды "отыра беруге" деген ниет басым болады. Теңге әлсізденген сайын айла-шарғылардың көбеюі де жиілей түседі. Ол өз кезегінде ұлттық валютаның одан әрі құнсыздануына себеп болады",-деді сарапшы  LS-қа берген сұхбатында
Д.Сейсенбаевтың сөзінше, теңге өз-өзін қалыпқа келтіреді деп күту жағдайды өзгертпейді. "Курстың әлсірей беруінен экономикада долларсыздану болады деп күтуге болмайды. Қазір батыл қадам керек. Мысалы, валюталық дәлізге қайта оралуға болады", - деп қорытындылады ол.
Ал "Альпаридың" аға сарапшысы Анна Бодрова теңгенің күрт әлсіреуі Ұлттық банктың жаңа басшысының монетарлы саясатқа қатысты ешқандай пікір білдірмеуімен байланысты деп біледі. Атап өту керек, тағайындалғаннан кейін Д.Ақышев Парламентте жиналған журналистерге еш мәлімдеме жасамастан, кетіп қалған еді. Сарапшының сөзінше, теңге курсы жыл басынан бері 64 пайызға төмендеді. "Доллардың осындай дәрежеде нығаюы және теңгенің әлсізденуінен жыл соңына дейін инфляция 2-4 пайызға артуы мүмкін. Бұл өте қауіпті ойын",-дейді А.Бодров. Айта кетейік, бүгін таңғы саудадан кейін Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы 300 теңгеге жетті. Америкалық валюта 299 теңгеден сатып алынып, 300 теңгеге сатылып жатыр. Еуроны 324 теңгеге сатып алып, 327 теңгеден сатуда. 4 қарашадағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, Қазақстандық қор биржасында америкалық валюта бағамы 287,92 теңгеден сатылған еді. Әзірге Ұлттық банк тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме айтылған жоқ. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов қазіргі бағам жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартты. «Ұлттық банк жақын арада толық ақпарат жариялауды жоспарлап отыр»,- деп жауап берді Қ. Қожахметов теңгенің қазіргі курсы жайлы қойылған сұраққа. Фото mln.kz сайтынан алынды 

Похожие материалы