Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Саратов әскери институтында 19 жастағы қазақстандық курсант көз жұмды

Саратов әскери институтында 19 жастағы қазақстандық курсант көз жұмды

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанның ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясының ұлттық ұланына қарасты Саратов әскери институтында оқыған 19 жастағы курсанттың қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды деп хабарлайды 7kun.kz

ІІМ мәліметінше, 19 ақпанда Саратов әскери институтында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшісінің 3 курс курсанты қаза тапқан.

«Ол 2020 жылы «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітіргеннен кейін іріктеуден өтіп, «Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқу үшін Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлерінің Әскери институтына жіберілген болатын», – делінген хабарламада.

Қазақстанның ұлттық ұлан академиясының қолбасшылығы әскери қызметшінің қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 19 жастағы курсант оқтан қаза тапқан. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Похожие материалы