Түркияда Тәуелсіздікті ерекше тойлайды
[caption id="attachment_99728" align="aligncenter" width="777"] ©Жеке мұрағатынан[/caption] Жалпы Түркияда Тәуелсіздік күні Стамбул, Анкарада өте жақсы тойланады. Қазақтар көп, студенттер де көп. Стамбулда өмір сүретін Түркияның қазақтары бар. Барлығы үлкен мейрам жасайды. Ал басқа қалаларда болса, студенттер өздері кішігірім жиналып, әр түрлі іс-шаралар өткізеді. Мен Эрзурум қаласында оқимын. Өзіміз солай Тәуелсіздігімізді атап өтеміз. Сол секілді Стамбулда киіз үйлер тігіліп, қазақтың ұлттық ойындары өтеді. Анкарада елшілік болған соң, тіпті керемет өтеді. Осыдан 4 жыл бұрын Анкарада оқыған кезде елшіліктің есігінің алдында үлкен киіз үй құрылды, тағамдар дайындалды, көжелер пісірілді. Қазақстанда Жаңа жылға дайындық ерте басталып кетеді. Тәуелсіздік мерекесі соның көлеңкесінде қалып қоятын сияқты. Ал Түркияда мұсылман мемлекеті болғасын қатты дін ұстанады. Жаңа жылға аса көңіл бөлмейді, тойламайды. Түркияда қазақтар елін сағынады, өздері жиналып ерекше етіп өткізгісі келеді. Саясат Нұрбек, саясаттанушы: Бәрін өзімізден бастаумыз керек [caption id="attachment_99729" align="aligncenter" width="1280"] ©kapital.kz[/caption] Қазақстан Республикасының жеке азаматы ретінде пікір білдіргім келеді. Көп елдерде оқыдым, тұрдым. Сізге салыстырмалы түрде айтайын. Мысалы, АҚШ-тың Тәуелсіздік алғанына 300 жыл өтті. Соның өзінде Тәуелсіздік мерекесі "тірі" деп айтуға болады. Яғни, адамдар кәдімгідей шын қуанады. Неше түрлі фейерверктер атылады. Байкерлер түрлі жарыстар ұйымдастырады. Бұл дәстүрге айналып кеткен. Маған ең қызық болғаны жақында ғана Сальвадордан не Мексикадан көшіп келген мигрант енді ғана Америка азаматтығын алған адам "менің елім", "менің мерекем" деп қуанып жүреді. "Сен мексикандықсың ғой, енді американдық болдың" десең, "жоқ, мен американдықпын" деп тұрып алады. Яғни, бұл күн тек қана формальды ресми түрде ғана тойланбайды, бейресми түрде де атап өтіледі. Идеологияда мереке ең қуатты құралдардың бірі саналады. Неге? Себебі, мерекеде адам бала сияқты болып кетеді. Біз қуанамыз, үміттенеміз, жақсылыққа сенеміз. Сол кезде сіз адамдарға не айтсаңыз, миларына не құйсаңыз - бәрі қабылданады. Әр мерекенің бірнеше сипаттамасы бар дейік. Біріншісі - оның символикасы. Екіншіден - отбасылық сипаттамасы болу керек. Яғни, мереке бүкіл отбасы сипатына ортақ болуы тиіс. Бәрі бір-бірін құттықтап, қонаққа шақырып, сыйлық бергені дұрыс. Бізде Тәуелсіздік күні ең маңызды мейрам. Бірақ, бұл күні біз бір-бірімізді қонаққа шақырып, құттықтаймыз ба? Жоқ. Яғни, отбасылық сипатқа ие емес. Тіпті, балаларымызға сыйлық та бермейміз. Бізде Тәуелсіздік мейрамының тойлануы мені қанағаттандырмайды. Бәрін өзімізден бастауымыз керек. Әрбір жеке тұлға Тәуелсіздік мерекесіне маңызды деп қарап, тойласа күллі Қазақстан үшін ортақ бір мерекеге айналады. Руслан Меделбек, халықаралық журналист: Тәуелсіздік мерекесі мектептерде өте жақсы аталып өтеді [caption id="attachment_99730" align="aligncenter" width="960"] ©Жеке мұрағатынан[/caption] Қазақстандағы Тәуелсіздік мерекесінің тойлануын көп сынап жатады ғой. Бірақ Жаңа жылға Тәуелсіздіктен бұрын дайындық бастау Алматы қаласында ғана сияқты. Бұрын бала кезімде Тәуелсіздік мерекесі есімде қатты қалған. Әлі күнге дейін Тәуелсіздік мерекесі мектептерде өте жақсы аталып өтеді. Мұғалімдеріміз де бұл күннің маңыздылығын айтатын. Ал өзім тұрып жатқан Чехияда биыл Чехословакия республикасының тәуелсіздігі болды. Екі ел Чехия және Словакия 100 жылдығын бірігіп атап өтті. Мерекелік атмосфера өте мықты болды, халықтық мереке екенін сездік. Себебі сенбі-жексенбі күні Прага қаласындағы музейлер, галереялар тегін болды. Қаланың әр бөлігінде тегін концерттер ұйымдастырылды. Жалпы Чехия Еуропадағы ұлты мен тілін сақтап қалу үшін жанын беріп жатқан елдердің бірі. Сондықтан бұл елде Тәуелсіздік мерекесі өте үлкен деңгейде аталып өтеді. Қоғамдық көліктің алдында тулар ілінеді, мемлекеттік демалыс болады. Шұғыла Бөрібайқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Сұңқар" студенттер кәсіподағының төрайымы: "Азаматтық сананың" қалыптаспауы мерекенің лайықты түрде тойланбауына себеп [caption id="attachment_99732" align="aligncenter" width="960"] ©Жеке мұрағаттан[/caption] Тәуелсіздік - біздің еліміздің ең басты байлығы, ата-бабаларымыз аңсаған қасиетті құндылық. Қазіргі кезде, ұлтымыз үшін өте маңызды құндылықты қадірлей алмай жүргеніміз - ащы да болса шындық. Жас ретінде қосар пікірім, бізде Тәуелсіздік күнін өз деңгейінде, яғни жалпыхалықтық деңгейде тойлай алмай жүргеніміздің бір себебі - мерекені тойлауда ерекшелік, өзіндік құндылықтардың болмауы. Тек белгі үшін концерттер, іс-шаралар, айтылған сөз - айтылған жерінде қалатын дөңгелек үстелдер Тәуелсіздікті тойлаудың деңгейі емес. Жастар, жалпы халық атсалысатын өзіндік ерекшелік болу керек. Жаңа жылды жас та, кәрі де асыға күтеді. Себебі, сыйлық алады, түнгі сағат 00.00-ден кейін отшашу болады және т.б. есте қалар дүниелер. Әрі елімізде күні бүгінге дейін "азаматтық сананың" толық қалыптаспағаны да ұлттық мерекенің лайықты түрде тойланбауына себепкер. "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook әлеуметтік парақшасында Тәуелсіздікті ерекше етіп тойлау туралы пікірін жазған болатын. [caption id="attachment_99733" align="aligncenter" width="1621"] ©Tengrinews.kz[/caption]«Мереке күндері сөрелер мемлекеттік рәміздердің түсімен безендіріліп, қызметкерлер ұлттық нақышқа сай киімдер кисе, сауда орындарында арнайы акциялар мен жеңілдіктер сияқты бірегей бастамалар қолға алынса мерекенің маңызы мен мәні одан әрі арта түсетіні анық. Қалай десек те, бұл күндері әр қазақстандық мерекелік көңіл-күйге бөленіп, барлық қоғамдық орындарда тәуелсіздіктің мәні мен маңызы айқын сезіліп тұруы тиіс. Сол кезде біз ата-бабамыз аңсаған азаттықтың бағасын пайымдап, жаңа Қазақстан тарихындағы ең ұлық күнге деген құрметімізді көрсетер едік", - деп жазған өз парақшасында.Сауалнамаға қатысқандар әрбір қазақстандық Тәуелсіздік мерекесіне ерекше көңіл бөлсе, халықтық мерекеге айналатынын айтып өтті. Ал сіз Тәуелсіздік мерекесін атап өтесіз бе?
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024