Мұнайдың әділ әрі тұрақты бағасы отын өндірушілеріне де, тұтынынушыларына да пайда әкеледі, сондай-ақ мұнайға деген дүниежүзілік ұсыныс пен сұраныстың тұрақты өсімін қамтамасыз етеді деп мәлімдеді сейсенбі күні Сауда Арабиясының мұнай министрі Әли ибн Ибраһим ән-Нуайми (Ali bin Ibrahim Al-Naimi).
Өткен жылдың маусымынан басталған мұнай бағасының төмендеуі Азияның дамушы елдеріне көмектескенмен, ол көптеген мұнай өндірушілеріне қиындықтар туғызды деп есептейді мұнай министрі.
"Мұнай - ұзақ мерзімді жоспарлар мен инвестицияларды талап ететін ұзақ мерзімді бизнес. Мұнай бағасының кенеттен өсуі немесе құлдырауы болмаған жөн. Бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету - ортақ мүддеміз", - деді ол Пекинде өткен Saudi Aramco мемлекеттік корпорациясының жаңа ғылыми-зертеу орталығының ашылу салтанатында.
Әли ән-Нуайми Сауд Арабиясының Азияда мұнайға деген сұранысты қамтамасыз еткісі келетіндігін баса айтты.
"Азияның мұнайға деген сұранысы әлі де жоғары, және біз кез келген қажетті көлемді жеткізуге дайынбыз. Мұнай бұдан әрі де шикізаттың ерекше түрі болып қала береді, ал Сауд Арабиясы оның нөмір бірінші жеткізушісі болады", - деп мәлімдеді ол.
Өткен аптада ол Сауд Арабиясы сәуір айында мұнайды тәуілігіне шамамен 10 млн баррель өндіріп жатқандығын айтқан еді, бұл тарихи максимумға жақын екенін айта кеткен жөн.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024