Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сауд Арабиясы шетелдіктер үшін өз нарығын ашып жатыр

Сауд Арабиясы шетелдіктер үшін өз нарығын ашып жатыр

Сауда Арабиясы дүйсенбі күннен бастап шетелдік инвесторлар үшін өз қор биржасын ашады деп хабарлайды Bloomberg.

Сауд Арабия қор биржасының (Tadawul) капиталдандырылуы - $572 млрд. Биржа әлемде капиталдандырылуы бойынша 11 орында, ол шетелдіктер үшін ең жабық биржалардың бірі болатын. Халықаралық компаниялар Tadawul саудаларына қатыса алады, бірақ оларға қатысты бірқатар шектеулер қарастырылған. Осылайша, акцияларды сатып алу құқығына тек инвесторлар ғана ие болады, олардың кандидатураларын реттеуші органдар мақұлдайды. Бұл ретте инвестициялардың көлеміне лимит енгізіледі. Астап айтқанда, заң шетелдіктерге жергілікті компания акцияларының жартысынан көбіне иелік етуге тыйым салады. Бұл ретте бір білікті шетелдік инвестор айналымдағы акциялардың 5%-нан артық мөлшерге ие бола алмайды. Бұл туралы мамыр айында Сауда Арабиясының Капитал нарықтары басқармасы (Capital Markets Authority, CMA) жария еткен болатын. Басқаруындағы активтер көлемі кемінде 18,75 млрд риял ($5 млрд) болатын шетелдік институционалдық инвесторлар акциялардың нарығына қатысты тікелей қол жетімділікке ие болады. CMA келешекте бұл межені 11,25 млрд риялға дейін төмендетпек. Мұндай шешім Сауд Арабиясы экономикасын әртараптандыру және мұнай тәуелділігіне арылу жөніндегі үкіметтік бағдарламаның аясында қабылданды.  

Похожие материалы