Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Сауд Арабия мұнай корпорациясы (Saudi Aramco) келер 10 жылда мұнай-газ жобаларына жылына 40 миллиард доллардан астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.
Saudi Aramco мәлімдегендей, шығындар бұрынғы онжылдық жоспармен салыстырғанда 414 миллиард долларға дейін 25 пайызға артады.
Сондай-ақ, ол келесі жылы болатын IPO-ге байсалды түрде дайындалып жатыр.
Корпорация жеткізілім бөлімінің басшысы Нассир әл-Ямид мәлімдегендей, 10 жыл ішінде 134 млрд доллар мұнай ұңғымаларын бұрғылауға және қызмет көрсетуге, 78 млрд мұнай өндіретін әлеуетті сақтауға жұмсалатын болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024