Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Саяхаттап жүріп қалай ақша табуға болады?

Саяхаттап жүріп қалай ақша табуға болады?

Саяхатшыға ақша табуға мүмкіндік беретін 3 жол бар: қашықтықтан жұмыс істеу, мамандығы бойынша қызмет ету және кез келген жұмыс. 7kun.kz саяхатын жалғастырудан және жұмысын да тастағысы келмейтіндер үшін кеңес ұсынады. 

Саяхаттап жүріп не істеуге болады?

  • Оқыту: тіл, серфинг, сурет салу, музыка, йога, фитнес, массаж, макраме және тағысын тағылар. Сіз жетік меңгерген кез-кеген қабілетіңізді сата аласыз.
  • Қызмет ұсыну:музыкант, фотограф, биші, шаштараз, диджей, аспазшы, видеооператор, косметолог, массаж жасаушы және тағы басқа мамандық түрлері.

Саяхаттап жүріп жұмыс іздеу заңды ма?

Туристердің көпшілігінде тек туристік виза болғандықтан, интернеттегі хат-хабар бойынша жұмыс таба салуға болады деп сенуге болмайды. Сайттарда жазылған ақпаратты сіздің мамандығыңыз бойынша қаншалықты сұранысқа сай екендігі туралы нұсқау беретін навигатор ретінде қарастырыңыз. Ал визаның шектеулігіне байланысты барлық келіссөздерді көзбе-көз жүргізген жақсы. Міндетті түрде өз саяхатыңыздың тарихын және виза белгілері жазылған төлқұжатыңызды көрсетіңіз. Түйіндемеңіз де міндетті түрде ағылшын тілде болсын, кез-келген уақытта жібере аласыз.

Өз мамандығыңыз бойынша жұмыс істеу: бос вакансияны қалай табуға болады?

Төменде сіздің мамандығыңыз әлемнің қандай қаласында қаншалықты сұранысқа ие екендігін білдіретін сайттар тізімі берілген. Ол үшін сайтқа кіріп, баратын қалаңыздың атауын, жұмыс іздеп жүрген мамандығыңызды жазасыз. Сізге қажетті вакансиялар тізімін, жалақы көлемі мен жұмыс берушілердің байланыс номерлерін ұсынады.

  • anyworkanywhere - бұл сайт уақытша жұмыстарға арналған. Елшіліктер, хостелдер мен волонтерлерге арналған вакансиялар туралы барлық ақпаратты осы жерден біле аласыз.
  • craigslist - Еуропа мен Америкадан жұмыс табудан бөлек аталған құрлықтан өзіңізге достар іздеуге де болады.
  • indeed әлем бойынша жұмыс іздеу мүмкіндіктері қарастырылған сайт. Орыс тіліндегі нұсқасы бар.
  • jobs.theguardian

Өз мамандығыңыз бойынша табыс табуға болатын кәсіптің бір түрі - туристік медбике немесе бала тәрбиешісі. 2 жылдық жұмыс тәжірибесі бар сертификатталған медбике туристік компаниядан науқас күтуші ретінде жұмыс таба алады. Жұмыс мерзімі - 8 аптадан 52 аптаға дейін. Жалақысы көңілге қонымды, тегін баспана берілуі де мүмкін. Ал тәрбиеші болу үшін белгілі бір отбасының үйіне көшіп барып, балаларына қарап, үй шаруашылығына көмектесуіңіз қажет. Еңбекақы аздау болғанымен, баспана мен тамақтану тегін. Қазір көпшілік дәулетті отбасылар балалары шет тілін үйрену үшін шет елден тәрбиеленуші алдыруға тырысады. Аталған кәсіптерге ие болу үшін жұмыспен қамтамасыз ету агенттігіне баруыңыз қажет.

World Wide Opportunities on Organic Farms бағдарламасы - артық шығынсыз әлемді аралауға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылық саласындағы жұмыс. Ерікті фермада күніне 4-6 сағатқа дейін жұмыс істейді, баспана мен тамақтану тегін. Сіз жолақысы мен WWOOF бойынша баратын елдің жарнасын төлеуіңіз қажет. 50 елдің арасынан таңдау жасауға мүмкіндік бар. Осыдан бөлек HelpEx, Workaway бағдарламалары бар. Ол бағдарламалар бойынша дәмханада даяшы немесе ағылшын тілінен оқытушы болып жұмыс істей бересіз. Ал WWOOF-тың ерекшелігі - тек ауыл шаруашылығында жұмыс істейсіз.

Қашықтықтан жұмыс істеу немесе фрилансерлік

Бұл ең ыңғайлы нұсқалардың бірі. Себебі:

  • Кеңсе қызметкерлерінен кем таппайсыз. Әлемнің қай түкпірінде болмасаңыз да, қызметіңіз үшін интернет қана жеткілікті болады.
  • Еркіндік. Басшылықтан 2 аптаға сұранып жүрудің қажеті жоқ. Өз-өзіңізге қалағаныңызша демалыс бере аласыз.
  • Өз-өзіңізге ғана сенім артып, өз өміріңіз үшін тек өзіңіз жауап беруді үйренесіз.

Фрилансерліктің артқшылықтары мен кемшіліктері, қалай бастау керектігі туралы мына жерден толығырақ білуге болады.

IMG_20140716_174111-576x1024.jpg.pagespeed.ce.dyoMf1RhfK

Бұл қыз Варшавадағы орталықтардың бірінде тұр, үстінде газеттен жасалған көйлек. Сіз суретке түсіп, белгілі бір сомаға шар сатып аласыз. Қағазда "Азияға өмір бойы армандаған саяхатқа бару үшін ақша жинап жүрмін" деген жазу жазылған. 

Саяхат кезіндегі сауда

Азияда тиын-тебен тұратын заттар үшін Еуропада қомақты қаржы төлеуіңіз мүмкін. Саяхат кезінде ақша табу үшін осы әдісті қолдануға болады. Саудаға арналған аукциондар мен алаңдар көп. Сіздерге тауарды суретке түсіріп, тамсандыра сипаттап, сайтқа салуыңыз қажет. Сізге түскен тапсырысқа қарай, тауар сатып алып, келесі қалада сізді күтіп отырған сатып алушыға жеткізесіз. Әлемдегі ең ыңғайлы сауда алаңы - ebay.com. Оның басты ережелерімен мына жерден таныса аласыз.

Жәрмеңкелер мен аукциондарға бас ауыртқыңыз келмесе, өзіңіздегі бар дүниелерді де саудалауға болады. Өз қолымен түрлі бұйымдар жасаушыларға да осы кеңесті ұсынамыз.

Ақша сату немесе нумизматика

Алыс құрлықтан келген ақша да ақшаға сатылады. Бали, Катманду, Бутан, Лаос немесе Тибетте қолыңыздағы ірі купюраны бірнеше бума ұсақ ақшаларға айырбастай аласыз. Banknota-shop.ru тәрізді дүкендер мен интернет-алаңдарда түрлі елдердің валюталарын саудалауға болады. Негізгі тұтынушы - коллекционерлер мен дизайнерлер.

Теңізде ақша табу

Теңізді жақсы көрсеңіз, кеме сатып та күн көруге болады. Теңізшілерді арналған вакансияларды  findacrew.net, www.crewplanet.eu сайттарынан таба аласыз. Кеменің түр-түсін де білмеймін дейтін болсаңыз, яхтада матрос болып жұмыс істеп, әлемді шарлаған қыздың оқиғасын ұсынамыз. Круиздік лайнерде жұмыс істеу тамаша табыс көзінің бірі. Ұсынылатын мамандықтар тізімінде аспазшы, бармен, әкімші, тәрбиеші, тазалаушы бар. Жалақы көлемі 500-2500 доллар аралығында. Баспана мен тамақтану жұмыс беруші есебінен. 

Похожие материалы