Сербияның қорғаныс министрі Братислав Гашич журналистке орынсыз қалжыңдады. Бұл ісі үшін премьер-министр Александр Вучич оны қызметінен босатты, деп хабарлайды украиналық басылымдар.
"Маған осындай тез тізесін бүгуге дайын тұратын журналистер ұнайды ",- деді Б.Гашич. Сербиялық министрдің сөзінше, бұндай жағдайда оның әрекетін ақтап алу мүмкін емес, әрі бұл іс елдің барлық әйелдерін қорлағанмен тең. "Қорғаныс министрі Братислав Гашичтің жасаған ісіне ешқандай ақтап ала алатын сөз таба алмаймын. Мен Сербия үкіметі атынан журналстерден кешірім сұраймын, бірақ бұл жеткілікіз.Бұл ісінен кейін Б.Гашич министр болып қала алмайды",- деді А.Вучич. Сонымен қатар, сербиялық премьер бұл шешімнің оған оңай тимегенін әрі Б.Гашиш жұмыс бабындағы әріптесі ғана емес, досы екенін айтты. Сербия Қорғаныс министрлігінің бос лауазымына кім тағайындалатыны әлі хабарланған жоқ. Фото: mil.ruПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024