Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сербиялық министр журналистке қалжыңдаймын деп қызметінен кетті

Сербиялық министр журналистке қалжыңдаймын деп қызметінен кетті

Сербияның қорғаныс министрі Братислав Гашич журналистке орынсыз қалжыңдады. Бұл ісі үшін премьер-министр Александр Вучич оны қызметінен босатты, деп хабарлайды украиналық басылымдар.

"Маған осындай тез тізесін бүгуге дайын тұратын журналистер ұнайды ",- деді Б.Гашич. Сербиялық министрдің сөзінше, бұндай жағдайда оның әрекетін ақтап алу мүмкін емес, әрі бұл іс елдің барлық әйелдерін қорлағанмен тең. "Қорғаныс министрі Братислав Гашичтің жасаған ісіне ешқандай ақтап ала алатын сөз таба алмаймын. Мен Сербия үкіметі атынан журналстерден кешірім сұраймын, бірақ бұл жеткілікіз.Бұл ісінен кейін Б.Гашич министр болып қала алмайды",- деді А.Вучич. Сонымен қатар, сербиялық премьер бұл шешімнің оған оңай тимегенін әрі Б.Гашиш жұмыс бабындағы әріптесі ғана емес, досы екенін айтты. Сербия Қорғаныс министрлігінің бос лауазымына кім тағайындалатыны әлі хабарланған жоқ. Фото: mil.ru 

Похожие материалы