Астана. 3 тамыз. 7kun.kz - Астана әкімі Әсет Исекешевтің Мемлекеттік емес ұйымдар бойынша жаңа көмекшісі тағайындалды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Кешеден бері Астана әкімінің үкіметтік емес ұйымдар бойынша көмекшісі жұмысын бастады. Бұл қызметке Мұрат Әбдімомынов тағайындалды. Ол кеше әкімнің мүмкіншілігі шектеулі жандармен кещдесуі кезінде белгілі болды. Айтпақшы, қазір оларды "рухы мықтылар" деп атаймыз", - делінген хабарламада.
Қала әкімінің көмекшісін таңдау дауыс беру арқылы жүрген.
Баспасөздің мәліметінше, "Нұр Отан" партиясының астаналық филиалы мен Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы "Астана - рухы мықты жандар қаласы" атты мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы бағдарлама жасады. Бұл бағдарлама мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық өмір мен қала басшылығына белсенді араласуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, ресми деректер бойынша Астанада 22 мың мүмкіндігі шектеулі адам тұрады.





