Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шаймарданов Ильнар Ильшатұлы

Шаймарданов Ильнар Ильшатұлы

Шаймарданов Ильнар Ильшатұлы 1977 жылы 7 қазанда Татарстан Республикасы Сабин ауданының Шемордан ауылында дүниеге келген.

2011 жылы Қазан мемлекеттік медицина университетін «әлеуметтану» факультеті бойынша үздік аяқтайды. 2015 жылы Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын «банк ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Ильнар Ильшатұлы 2004-2005 жылдары аралығында КМБ-Банкінің микроқаржыландыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2005-2006 жылдары КМБ-Банк шағын кәсіпкерлік бөлімінің бастығы болып, ал 2006-2008 жылдары Татарстан Республикасының операциялар кеңсесінің директоры болып қызмет атқарды. 2008 жылдан 2010 жылға дейін Societe Generale Vostok-та шағын бизнес басқармасының бастығы лауазымын атқарған. 2012 жылдан 2013 жылға дейін Росбанк Societe Generale Group (Ресей) шағын кәсіпкерлік департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2014 жылдың ақпанынан 2016 жылдың желтоқсанына дейін ол ВТБ 24 Банкінің вице-президенті, Тәуекелді талдау департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдың 31-тамызынан бастап «Банк ВТБ (Армения)» АҚ-тың Басқарма мүшесі ретінде тіркелген. Сонымен қатар, Ильнар Ильшатұлы ВТБ 24 Банкінің Стратегия және даму департаменті директорының орынбасары, ВТБ 24 Банкі (ПАО) халықаралық бизнесінің басқарма бастығы болып табылады.

2017 жылдың 24-ақпанынан бастап Ильнар Шаймарданов ВТБ Банкінің (Қазақстан) директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне, 15-маусымынан Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.

Похожие материалы