Алматы. 5 қараша. 7kun.kz – Массачусетс технологиялық университетінің (MIT) нейро және когнитивтік ғылымдар орталығының мамандары шет тілдерін үйренуге ең қолайлы жасты атады, - деп хабарлайды РИА Новости Cognition журналына сілтеме жасап.
Ғалымдар әртүрлі ұлт пен жастағы 670 мың адамнан жинаған ақпаратты саралау үшін арнайы компьютерлік модель дайындаған. Сауалнамаға қатысқан респонденттер жасын, ағылшын тілін қанша уақыт бойы оқығанын жазып, грамматикалық ережелер бойынша білімін тексеретін тест орындады.
Зерттеу нәтижесі бойынша, он жасқа дейін тілді оқып бастағандар оны ана тілінің деңгейінде меңгеруге мүмкіндігі жоғары. Ал 18 жастан кейін адам бойында тез үйрену қабілеті сақталса да, мұндай деңгейге жету әлдеқайда қиын болады.
Зерттеушілер атап өткендей, бұл заңдылыққа биологиялық, әлеуметтік-мәдени факторлар себеп болады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024