Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шет тілді қай жастан бастап үйренген жөн?

Шет тілді қай жастан бастап үйренген жөн?

Алматы. 5 қараша. 7kun.kz – Массачусетс технологиялық университетінің (MIT) нейро және когнитивтік ғылымдар орталығының мамандары шет тілдерін үйренуге ең қолайлы жасты атады, - деп хабарлайды РИА Новости Cognition журналына сілтеме жасап.

Ғалымдар әртүрлі ұлт пен жастағы 670 мың адамнан жинаған ақпаратты саралау үшін арнайы компьютерлік модель дайындаған. Сауалнамаға қатысқан респонденттер жасын, ағылшын тілін қанша уақыт бойы оқығанын жазып, грамматикалық ережелер бойынша білімін тексеретін тест орындады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, он жасқа дейін тілді оқып бастағандар оны ана тілінің деңгейінде меңгеруге мүмкіндігі жоғары. Ал 18 жастан кейін адам бойында тез үйрену қабілеті сақталса да, мұндай деңгейге жету әлдеқайда қиын болады.

Зерттеушілер атап өткендей, бұл заңдылыққа биологиялық, әлеуметтік-мәдени факторлар себеп болады.

Похожие материалы