Познавательный
Шетелден әкелінетін көліктер бағасы жыл соңына дейін 5-6%-ға өсуі мүмкін
2015 жылдың соңына қарай шетелден келетін автокөліктер бағасы 5-6%-ға өсуі мүмкін. Ал, отандық өндірістен шығатын көліктер бағасы жыл соңына дейін өзгермейтін болады. Тек келесі жылы ғана 3-5%-ға қымбаттауы ықтимал. Бұл жөнінде "Allur Avto" бас директоры, "Қазавтобизнес" қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз отырысында мәлімдеді.
"Автокөлік бағасының өсуі туралы айтқанда, бізде автомобильдердің үш топқа бөлінетінін ескеруіміз керек. Яғни, біріншісі - валютаға тікелей байланысты. Олар еуропа елдерінен немесе шет елдерден әкелінеді. Сол жердің валютасына алынады. Дистрибьютерлер бағаны көтереді деп ойлаймын", - дейді Лаврентьев.
Оның айтуынша, Қазақстан бірыңғай экономикалық алаңда екенін, және соған сәйкес өндіруші зуаыттар мен халықаралық дистрибьютерлер нарықтағы орташа бағаны теңестіретіндігін түсіну керек.
"Қазақстанда Ресей Федерациясымен салыстырғанда 5%-ға жоғары болуы мүмкін емес. Әйтпесе, кері ағындар пайда болады. Оны өндірушілер қаламайды. Сол себепті, баға теңеседі", - дейді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024