Epicenter деп аталатын шведтік компания қызметкерлерінің денесіне электронды чиптер енгізді деп хабарлайды шетелдік басылымдар. Ол есікті ашуға, ксерокс аппаратын немесе компьютерді пайдалануға тіпті жергілікті кафетерийден алынған азық-түлік ақшасын төлеуге де мүмкіндік береді. Көлемі бидай дәнімен бірдей электронды чип Швециядағы Epicenter компаниясының бірнеше қызметкерлеріне енгізілген. Денелеріне радиомаяк салдырған қызметкерлердің айтуынша, бұл процесс дәрі егумен бірдей болады. Ал оны кәсіби татуаж жасаушылар орындайды.
Компания басшылығы болашақта да фирманың 700-ге жуық қызметкерінің барлығына осы чипті енгіземіз деп үміттенеді. Олардың мәлімдеуінше , ең бірінші технологияның қаншалықты жұмыс істейтіндігін толығымен анықтап алу керек.
«Біз аталған технология смартфондарға тамаша қосымша болады деп ойлаймыз. Электронды имплантанттар телефондар, кілт сөздер, банк карталарының номерлері тәрізді көптеген ақпараттарды сақтай алады. Сондай-ақ олардың мобильді қосымшалармен бірге де жұмыс істеу мүмкіндігі бар» , - дейді шведтік кәсіпкерлер.
Ал көптеген интернет-қолданушылар электронды чиптерді енгізу Оруэлла мен Хакслидің антиутопиялық идеяларының іске асырылып жатқандарының бір көрінісі деп есептейді. «Бүгін ол құрылғылар бізге есікті ашса, ертең билікке денеміз бен санамызды билеуге мүмкіндік береді», - деп жазады алаңдаған әлеуметтік желі тұтынушылары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024