
Брюссель. 6 маусым. 7kun.kz - Швейцариядағы кепілдендірілген төлемді енгізу туралы идея тұрғындар арасында қолдау таппады. Бұл туралы шетелдік басылымдар хабарлайды.
Жекенбі күні өткізілген референдумдағы алдын-ала есепке сәйкес, швейцариялық ұлттық қоғамдық телерадиокомпаниясының тапсырыс жөніндегі қоғамдық пікірді зерттеу инстититуты шығарған абсолютты табысты азаматтардың 18,2%-ы қолдаса, 81,8%-ы қарсы дауыс берген.
Швейцария әлемде кепілдендірілген төлем туралы референдум өткізіп жатқан алғашқы мемлекет. Аталған төлемге сәйкес, Швейцария билігі тұрғындардың жұмыс істесе де, істемесе де 2,5 мың франк кепілді төлем төлеу керек.
Алайда, жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, референдумға қатысушылар әркім өзі еңбектеніп ақша табу керек деген шешім шығарған.