Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы тұрғындарды 77 млн теңгеге алдап кеткен

Шымкентте қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы тұрғындарды 77 млн теңгеге алдап кеткен

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz – Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПК «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Күдікті өңір тұрғындарын баспана мен автокөлік алуға көмектесетінін айтып, олармен келісімшарт жасақан. Міндетті кіру жарнасы – 240 мың теңге және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу керек болған.

Алайда пирамидаға ақша салған азаматтар баспана мен көлік ала алмады. Шымкент қаласының департаментіне 33 азамат жүгінген. Шығын мөлшері 77 миллион теңгеден асқан.

Сот үкімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Похожие материалы