Сингапур. 31 тамыз. 7kun.kz - Сингапур президенті Тони Тан бейсенбі күні ең жоғарғы мемлекеттік билікте алты жыл қызмет еткеннен кейін ресми түрде өз өкілеттігінен бас тартты. Бұл туралы BBS агенттігі хабарлады.
Жаңа мемлекет басшысының сайлауы 23 қыркүйек күні өтеді, оған үш үміткер қатысады. 77 жастағы саясаткер Сингапурдың жаңа тарихындағы - жетінші президент. Ол 2011 жылы өткен сайлауда жеңіп шыққан болатын.
Тони Тан түрлі жылдары вице-премьер, қорғаныс министрі, мемлекеттік инвестициялық корпорацияның атқарушы директоры (GIC) болған е-ді. Ел конституциясына сәйкес, президенттің билігі шектеулі, ал мемлекетті іс жүзінде премьер-министр басқарады.





