Астана. 2 мамыр. 7kun.kz - Астанаға БҰҰ жанындағы Сирияның тұрақты өкілі Башар Джаафари мен Сирия үкіметінің делегациясы және БҰҰ сарапшылары келді. Бұл туралы ТАСС тілшісіне Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.
3-4 мамырда Астанада Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі халықаралық кездесу өтеді.
«Астанадағы келіссөзге қатысу үшін Башар Джаафари бастаған Сирия үкіметінің делегациясы және БҰҰ сарапшыларының делегациясы келді»,- деп Жайнақов телефон арқылы мәлімдеді.
Сириядағы жағдайды реттеу бойынша жоғары деңгейдегі төртінші халықаралық кездесу Қазақстан астанасында 3 және 4 мамырда өтеді. Ал 2 мамырда сарапшылар деңгейіндегі кездесу жоспарланып отыр.
Бұған дейін, 14-15 наурызда болған халықаралық кездесуге Сириядағы ұрыс қимылдарының тоқтатылуына кепіл елдер (Ресей, Түркия және Иран) делегациясы, БҰҰ және Иордания, АҚШ, Сирия үкіметінің өкілдері қатысқан еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024