Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сирия үкіметінің делегациясы Астанаға келді

Сирия үкіметінің делегациясы Астанаға келді

Астана. 2 мамыр. 7kun.kz - Астанаға БҰҰ жанындағы Сирияның тұрақты өкілі Башар Джаафари мен Сирия үкіметінің делегациясы және БҰҰ сарапшылары келді. Бұл туралы ТАСС тілшісіне Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

3-4 мамырда Астанада Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі халықаралық кездесу өтеді.

«Астанадағы келіссөзге қатысу үшін Башар Джаафари бастаған Сирия үкіметінің делегациясы және  БҰҰ сарапшыларының делегациясы келді»,- деп Жайнақов телефон арқылы мәлімдеді.

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша жоғары деңгейдегі төртінші халықаралық кездесу Қазақстан астанасында 3 және 4 мамырда өтеді. Ал 2 мамырда сарапшылар деңгейіндегі кездесу жоспарланып отыр.

Бұған дейін, 14-15 наурызда болған халықаралық кездесуге Сириядағы ұрыс қимылдарының тоқтатылуына кепіл елдер (Ресей, Түркия және Иран) делегациясы, БҰҰ және Иордания, АҚШ, Сирия үкіметінің өкілдері қатысқан еді.

Похожие материалы