Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әскери шығындар жөнінен Ресей үшінші орында тұр

Әскери шығындар жөнінен Ресей үшінші орында тұр

Стокгольмдегі әлемдік мәселелерді зерттеу институты (SIPRI) жаһандық қару-жарақ саудасы мен жарақтандыруға кеткен шығындардың есебі туралы кезекті баяндаманы жариялады деп хабарлайды "Коммерсант".

Хабарламадағы мәліметтер бойынша, 2014 жылдағы әлемдік әскери шығындардың 4,8%-ы Ресейдің үлесіне келеді. Бірінші орында 34%-бен АҚШ, екінші орында 12%-бен Қытай тұр.

Өткен жылы Ресейдің әскери шығын 2013 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға өсіп, ЖІӨ 4,5%-ын немесе 84,5 млрд долларды құрады. Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты табыстың азаюынан 2015 жылға елдің қорғаныс бюджеті 5%-ға қысқартылды.

2014 жылы жалпы әлемдегі әскери шығындар 1,776 трлн долларға тең келген немесе 2013 жылмен салыстырғанда 0,4% азайып, жаһандық ЖІӨ 2,4% -на тең келді.  Баяндамада хабарланғандай, осымен  үшінші жыл әскери шығындарда қысқартылу тенденциясы байқалып келеді.

 

Похожие материалы