Жапондық Sony жаңа смартфоны Xperia Z4 туралы алдын-ала ақпарат таратты. Бұл жөнінде The Verge порталына сілтеме бере отырып, Lenta.ru хабарлайды.
Құрылғы осыған дейінгі Z3 секілді метал жақтаудағы корпусты, 5,2 дюйм болатын LCD-экраны бар, шаң және ылғал өткізбейді. Бірақ, жаңа смартфон өткен флагманмен салыстырғанда, 6,9 миллиметрге жіңішке, 144 граммға жеңіл. Жаңадан қосылған тұсы - алдыңғы камераның кең бұрышты обьективі мен суреттің сандық тұрақтылығы. Сонымен бірге, селфиге таймер қосылады.
Z4-ке 2 гигагерц жиілігі бар сегіз ядролы Snapdragon 810 процессоры орнатылған. Жедел жады 3 гигабайт, негізгі 20,7 мегапиксель болатын камерасы бар. Батареясының сыйымдылығы 2930 миллиампер/сағат.
Sony смартфонның нақты бағасы туралы да, шетелге шығарылатын мерзімі туралы да ақпарат бермеді. Әзірге бізге белгісі ақпарат - осы жазда смартфон Жапонияда сатылымға шығатыны және оның ақ, қара, жезді және көк түстерде болатыны.
Компанияның айтуынша, Samsung және Apple фланмандарымен бәсекелестікке қабілетті болу үшін Sony нарықта жаңа құрылғысы жоғары бағада болады.