Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сот әйгілі шоуменге 64,6 млн рубльді қайтаруды міндеттеді

Сот әйгілі шоуменге 64,6 млн рубльді қайтаруды міндеттеді
Мәскеудің Тверск соты әйгілі музыкант, шоумен Николай Фоменко мен оның серіктесі Marussia Motors компаниясының тең иесі Антон Колесноковқа 64 млн 647 мың рубльді   «ФК Открытие» банкіне қайтаруды міндеттеді деп хабарлайды bfm.ru. Банк сотқа 65 млн 547 мың рубль өндіріп алу туралы шағым түсірген. Сот оны 1 миллионға кемітті. 2011 году аталған банк Фоменко мен серіктесінің «Маруся» жобасы үшін 60 млн рубль несие берген. 2015 жылдың ақпан айына дейін кредит бойынша төлем жасалған, алайда кейін тоқтаған. Банк берген кредитке пайыздары мен өсімпұлын қосып есептеп, 65,5 млн рубль өндіріп алуға талпынған. Фоменко сотта кредит алғанын мойындаған. Алайда банктің сот арқылы қайтарып алмақ болған сомасымен келіспейді. Өйткені банктің айыппұл сомасын дұрыс есептемеген деп санайды. Алайда сот бұған қарамастан банктің талабын қанағаттандырды. Еске салайық, ресейлік шоумен Н.Фоменко Marussia Motors («Маруся Моторс») компаниясын кәсіпкер Ефим Островскимен бірге құрған. Компания құрылтайшылары қатарында Антон Колесников пен Андрей Чеглаков бар. Компания Marussia маркалы спорт көліктерін шығара бастаған болатын. Алайда 2014 жылдың сәуір айында банкрот деп жариялап, мүлкі сатылымға шығарылды.  

Похожие материалы